Негізгі Жаңалықтар Петровка аграрлық-техникалық колледжі сұранысқа ие мамандарды даярлайды

Петровка аграрлық-техникалық колледжі сұранысқа ие мамандарды даярлайды

Ауылдық аграрлық-техникалық колледждер - аймақтарды дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді тірегі. Осындай оқу орындарының бірі - Петровка аграрлық-техникалық колледжі. Мұнда студенттер 6 мамандық бойынша білім алады. 

Колледждегі сұранысқа ие мамандықтарға ауыл шаруашылығын механикаландыру, дәнекерлеу ісі және тамақтандыруды ұйымдастыру жатады. Бұл мамандықтарды 126 студент таңдаған. Оқу-өндірістік асханада болашақ аспаздар өздерінің алғашқы тағамдарын дайындауға кіріскен.

СОФИЯ СТАРЫХ, СТУДЕНТ

Бүгінгі таңда колледжде дуальды оқыту жүйесі жолға қойылған. Оның басты артықшылығы – теориялық білім мен өндірістік тәжірибенің тиімді ұштасуында. Бұл өз кезегінде студенттерге де, колледж ұжымы мен жұмыс берушілерге де үлкен тиімділік әкеледі.

ВАДИМ ТИМКИН, ПЕТРОВКА АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мұнда студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Олар ыстық тамақпен, шәкіртақымен қамтамасыз етілген және жатақханамен қамтылған. Осының нәтижесінде түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

Бөлісу