Негізгі Жаңалықтар Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі

Петропавлда Оқушылар сарайында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне арналған жиын өтті. «Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі: алдын алу және әрекет етудің бірыңғай жүйесі» тақырыбында өткен кездесуге мемлекеттік орган өкілдері, мектеп пен колледж басшылары, мұғалімдер және балалармен жұмыс істейтін мамандар қатысты.

Жиында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар балалармен білім беру ұйымдарынан тыс жерде жұмыс жүргізу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазір өңірде 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. Петропавлда полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын демалыс орындары мен ойын-сауық мекемелерінде рейдтер жүргізуде.

САЙРАН СӘРКЕНОВ, СҚО ПД ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу