«Қызылжар өңірінің тарихы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті
Оқушылар сарайында «Қызылжар өңірінің тарихы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Іс-шара Петропавл қаласы әкімдігінің қолдауымен және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиында өңірдің тарихи жады, жер-су атаулары және идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мәселесі талқыланды.
Басқосуда архивтерден жаңадан табылған құжаттар мен елді мекендердің тарихи атауларына қатысты тың деректер таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңда Петропавл қаласында идеологиялық тұрғыдан ескірген елуден астам атау бар. Осы атауларды тарихи тұрғыдан қайта зерделеу мәселесі де жиында кеңінен сөз болды.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Конференцияға тарих, география және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, ғалымдар, өлкетанушылар мен қоғам белсенділері қатысты. Басқосу барысында сала мамандары пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті. Сонымен қатар осы бағытта еңбек етіп жүрген бірқатар азамат арнайы марапаттарға ие болды.
ДОС КӨШІМ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ
Қазақ тілі қоғамы мен Мәдениет басқармасы соңғы бес жыл ішінде 120-дан астам ономастикалық нысанды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында тарихи атаулар зерделеніп, олардың шығу тарихы мен мағынасына қатысты деректер қарастырылды.