Жаяу жүргіншіге назар аударыңыз!
Сегіз айда СҚО-да жол-көлік апатынан 28 адам мерт болып, 500-ге жуық адам жарақат алды. Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңірде «Жаяу жүргіншіге назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Үш күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 280-нен астам дерегі анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ерекше профилактикалық акция өткізді. Жұмабаев көшесінде, «Dostyq mall» сауда-ойын-сауық орталығы маңындағы қиылыста жаяу жүргіншілерге дауыс зорайтқыш құрылғымен жабдықталған дрон үн қатты. Ұшқышсыз аппарат адамдарға жолдан өтер алдында жүргізушілердің оларды көріп, жол беріп тұрғанына көз жеткізуге шақырды.
СНХР: Бахтияр Дощанов – Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі
Сегіз айда СҚО-да 342 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 28 адам қаза тауып, 490 адам жарақат алды. Оның 112-сі жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған. Мұнда төрт адам қаза тауып, 114 адам жарақат алған. Яғни зардап шеккендер бар жол-көлік оқиғаларының шамамен үштен бірін жаяу жүргіншілерді қағып кету деректері құрайды. Жолды белгіленген жерден кесіп өтсеңіз де, аса сақ болу қажет. Жыл басынан бері жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінен 15 адамды көлік қағып кеткен.
СНХР: Бахтияр Дощанов – Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі
Акция «Жаяу жүргіншіге назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өтті. Үш күн ішінде Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 282 дерегі анықталды. Оның ішінде қиылыстардан өту ережелерін бұзудың 88, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзудың 53 дерегі және жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары тарапынан жасалған 135 бұзушылық бар.