Музейде жаңа экспозициялар ашылды
Петропавлда православиелік ғибадатхана жанындағы музей жаңарып, жаңа экспозициялармен толықты. Ғимараттағы қайта жөндеу жұмыстарынан кейін мұнда келушілерге арналған қосымша кеңістік пайда болды.
Музейдің бірінші қабатында екі зал жұмыс істейді. Бірінде өткен ғасырдағы тұрмыстық заттар қойылса, екіншісіне ғибадатхананың тарихы мен православиелік жәдігерлер қойылған. Ал жаңадан ашылған аймақта қазақтың киіз үйі мен орыс үйінің үлгісі көрсетілген. Мұндағы көптеген жәдігерлердің тарихы бірнеше ғасырға созылады. Уақыт өте бүлінген бұйымдар қайты қалпына келтіріледі. Экскурсиялар ересектермен қатар балаларға да ұйымдастырылады. Жас келушілер көне заттарды тамашалап, ескі баспа машинасы мен есепшотты пайдаланып көре алады.
ВАЛЕНТИНА МАХИНЯ, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ