«Сөз сезімнің селімен: СҚО-лық қаламгер халықаралық өнер додасында топ жарды
Жазушы, прозашы, драматург Дмитрий Маркевич халықаралық Волошин атындағы әдеби байқауда жеңімпаз атанды. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл дода – әлемнің әр түкпіріндегі қаламы жүйрік сөз шеберлерінің басын қосатын бірегей шығармашылық алаң. Биылғы күзде өткен өнер бәйгесіне 18 мемлекеттен 2 мыңнан астам қаламгер қатысып, бақ сынасты.
Дмитрий Маркевич – ой өрісі кең, қаламына қуат біткен жазушы, прозашы әрі драматург. Оның туындылары отандық басылымдар мен жинақтарда жүйелі түрде жарық көреді. Шығармалары оқырман жүрегінен орын тапқан. Қаламы қарымды қаламгер бұған дейін де талай беделді марапаттарды қанжығасына байлаған. Жақында ол Удмуртия өлкесінен мерейтойлық жеңіспен оралды.
СНХ: ДМИТРИЙ МАРКЕВИЧ - ЖАЗУШЫ, ПРОЗАШЫ, ДРАМАТУРГ
«Драматургия» бағытында қазылар алқасының көңілінен шыққан үш шығарманың бірі – «Культ мещанского леса» пьесасы. Жазушының айтуынша, туындының идеясы дәл осы Қызылжарда туған.
СНХ: ДМИТРИЙ МАРКЕВИЧ - ЖАЗУШЫ, ПРОЗАШЫ, ДРАМАТУРГ
Өнер бәйгесінде суырылып шыққан үздік туындылар кейін театр сахналарында салтанат құрады. Бәлкім жақын арада өнерсүйер қауым жерлесіміздің бұл шығармасын сахналық нұсқасын тамашалап, шымылдықтың түрілгеніне куә болар.