Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды
«Қазақстан балалары» бағдарламасы аясында «Әділет» партиясының СҚО филиалында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күні өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары партия өкілдеріне түрлі мәселелермен жүгінді. Толығырақ келесі сюжетте.
Наргүл Нүркеева - ерекше балалардың анасы. Оның айтуынша, мектептен тыс уақытта балалардың айналысатын ешнәрсесі жоқ. Шахмат, жүзу немесе сурет салу сияқты ақылы үйірмелер олардың қалтасына салмақ салады.
СНХ:НАРГҮЛ НҮРКЕЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
СНХ: АРДАҚ ОРАЗБЕКОВА, «ҮМІТ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЛУБЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Осындай мәселемен ұлдардың анасы Анна Останина да жүгінді. Оның балалары үйде оқиды, сондықтан оларға әлеуметтену яғни ортаға бейімделу жетіспейді. Петропавлда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған бос уақыт алаңдары өте аз.
СНХ: АННА ОСТАНИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Ата-аналар түзету кабинетіндегі ұзын-сонар кезектің мәселесін де көтерді.
СНХ: ЮЛИЯ СЛИПЕЦКАЯ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Олардың айтуынша, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға мұндай ақпарат әсіресе қажет. Өңірде инклюзия, түзету және әлеуметтік көмек саласында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда ата-аналардың көбі қандай қолдауды қайдан ала алатынын біле бермейді. Мұндай кездесулер халықтың хабардарлығын арттырып, отбасыларға қолжетімді мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруға көмектеседі.