Цифрлық болашақ: Солтүстік Қазақстанда блокчейн технологияларын дамыту мәселелері талқыланды
Петропавлда Web3 экожүйесі мен блокчейн саласын ілгерілетуге арналған ауқымды технологиялық жиын өтті. SKO Hub, Tomorrow School және Solana Superteam Kazakhstan ұйымдары бірлесіп ұйымдастыратын іс-шара аймақтың IT-қоғамдастығын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
IT-MEETUP іс-шарасының басты міндеті — цифрлық дамудың өзекті бағыттарын сараптап, IT-қауымдастықты жандандыру. Бұл алаңда бастамашыл топтар өз жобалары мен идеяларын ортаға салып, тәжірибелі мамандардан нақты баға мен бағыт-бағдар алады. Өнертапқыш жастар үшін бұл - өз әлеуетін танытып, демеушілер мен менторлардың қолдауына ие болудың бірегей мүмкіндігі,- дейді SKO HUB директоры Нұргүл Болатова.
СНХ: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА – SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Еліміздің жеті бірдей шаһарын дүбірлеткен SOLANA SUPERTEAM KAZAKHSTAN тобы бес күндік қарқынды Workshop-тарымен жүздеген жастың басын қосып, заманауи білімнің бұлағын ашқан еді. Алдағы жоспар бойынша қыркүйектің екінші онкүндігінде осындай форматтағы блокчейн-эстафета Петропавлда да ұйымдастырылмақ. Бұл ретте Solana Superteam Kazakhstan өкілдері жұмыстарын жаңадан бастаған мамандарға қолдау тетіктерін ұсынуға дайын.
СНХ: МАКСИМ АФАНАСЬЕВ – «SOLANA SUPERTEAM KAZAKHSTAN» ӨКІЛДІГІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ
Қызылжар өңірінің де бұл саладағы әлеуеті орасан. Мұны құрғақ сөзбен емес, толағай табысымен дәлелдеген — SKO Hub резиденті Иван Таг. Ол еліміздегі ең ауқымды «Decentrathon 5.0» марафонының «Solana National Hackathon» ұлттық трегінде дара шауып, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Бұл жеңіс- өлке жастары шалғайда жүріп-ақ ғаламдық IT саласын бағындыра алатынының жарқын дәлелі.