«Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ашық диалог
Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы кітапханада «Ашық мүмкіндіктер диалогы: заң, адалдық, қауіпсіздік» атты диалог өтті. Кездесу «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттырып, заң талаптарын сақтауға және жауапты шешім қабылдауға үйрету.
Жастарға заңды білу ғана емес, өз құқықтарын қорғау тетіктерін түсіну де маңызды. Іс-шара барысында қатысушыларға заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Кездесу ашық форматта өтті. Жастар кәсіби мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, түрлі өмірлік жағдайларда заң аясында әрекет ету бойынша практикалық кеңестер алды. Мамандар жеке жауапкершілік пен заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына да тоқталды.
ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, түрлі қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.