«Алтын Орда – тарихи сана және бабалар аманаты» тақырыбында конференция өтті
Оқушылар сарайында облыстық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Алтын Орда – тарихи сана және бабалар аманаты» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Жиынға елімізге танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен жастар қатысты. Жиында Алтын Орданың Еуразия тарихындағы орны, саяси және мәдени мұрасы, сондай-ақ қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи сабақтастығы кеңінен сөз болды.
Конференцияның негізгі мақсаты – мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, ұлттық тарихымызда айрықша орын алатын Алтын Орда мұрасын зерделеуге жас ұрпақты ынталандыру. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысы аппаратының басшысы Руслан Әлішев қатысып, сөз сөйледі.
РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Конференцияға тарихымызды зерттеуге зор үлес қосып жүрген белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған арнайы қатысты. Ол өз баяндамасында Алтын Орда тарихына қатысты тың деректер мен құнды ақпараттар ұсынып, жиынға қатысушылармен ой бөлісті.
БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Солтүстік Қазақстан аумағы Алтын Орда дәуірінде стратегиялық маңызы зор өңірлердің бірі болған. Өңір сауда-саттықтың дамуына, саяси байланыстардың нығаюына және географиялық тұрғыдан маңызды қатынастардың қалыптасуына ықпал еткен.
СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Конференцияға қатысушылар үшін бірінші қабатта арнайы көрме ұйымдастырылып, онда Алтын Орда дәуірінен сыр шертетін тарихи жәдігерлер мен танымдық материалдар көпшілік назарына ұсынылды.