Президенттің кезектен тыс сайлауы Есіл ауданында да белсенді өтіп жатыр. №158 – ші сайлау учаскісі өз жұмысын таңғы сағат 7:00 де бастаған, келушілердің қарасы қалың. Таңертең ерте негізінен аға буын өкілдері келіп таңдауларын жасаса, түске таман жастар жағы келе бастады. Аудандағы сайлау барысына куә болып қайтқан тілшіміз Алдияр Жылкайдаров тарқатсын.


Алдияр Жылқайдаров, ТІЛШІ:

- Есіл ауданындағы №158 – ші сайлау учаскісінде кезектен тыс Президент сайлауы басталып кетті. Аудан тұрғындары таң сәріден бастап,өз дауыстарын беруде. Айта кетейік,сайлау учаскісі кешкі сағат 20:00 ге дейін өз жұмысын жалғастыратын болады.


ЖЕҢІС КЕМЕЛОВ, № 158 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:


№ 158 сайлау учаскісіне келіп дауыс бергендердің қатарында аудан тұрғыны Уахит Оспанов та бар. Қарияның сөзінше, көзі ашық, көкірегі ояу әр адам өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, дауысын беруі тиіс. Осылайша еліміздің өркендеуіне, саяси реформалардың жүзеге асуына үлесін қоса алады.


УАХИТ ОСПАНОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Есіл ауданының Корнеевка ауылдық округінің № 143 сайлау учаскесінде сағат 11,00-ге дейін тізімге енген 1488 сайлаушының 577-сі өз дауыстарын берді. Жалпы Есіл аудан бойынша барлығы 36 сайлау учаскесі бар, сайлаушылар тізіміне 16 153 азамат енгізілген.



Алдияр Жылкайдаров