Жыл бастталғалы өңірде 415 келі есерткі тәркелініп, синтетикалық улы зат әзірлетйін зертзананың көзі жойылған. Сондай-ақ облысымызда мал ұрлығы мен жол көлік оқиғаларының саны азаймай тұр. Осы және өзге де мәселелерді солтүстікқазақстандықтармен кездескен еліміздің бас полицейі Марат Ахметжанов айтып берді. Өңірге келген министр сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Мағжан Ахмадина тарқатады.


Соңғы 30 жылда елде жасалатын қылмыстар саны азайған. Әсіресе, зорлық, бұзақылық және қарақшылық әжептеуір төмендеді. Ол салада енгізіліп жатқан жаңашылдықтардың арқасында мүмкін болып отыр деді солтүстікқазақстандықтармен кездескен ІІМ Марат Ахметжанов. Еліміздің бас полицейі қарамағындағыларға көрсеткіштерді қудалап, криминогенді жағдайды ушықтырып алмау қажеттігін ескертті. Бүгіндері интернет алаяқтардың дәурені жүріп тұр.


МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- 2022 жылдың 10 айында Қазақстанда интернет алаяқтықтың 17 мың фактісі тіркелген. Олар 10 млрд теңгенің шығынын келтірген. Солтүстік Қазақстан облысында да биыл 649 осындай қылмыс анықталған. Сондықтан тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Жеке деректеріңзді ешкімге бермеңіздер.


Соңғы жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түрі болып кеткен дейді министр. Жыл басталғалы өңірде ондай 21 қылмыс тіркеліп, 96 мал қолды болған. Олардың 36 пайызы табылып, иелеріне қайтарылды. Барымшатылар негізінен қараусыз жүрген малды олжалайды. Сондай-ақ, Марат Ахметжанов қоғам дертіне айналған нашақорлықпен күрес жайында да айтып өтті.


МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Биылғы жылдың 10 айында 2 мыңға жуық есірткі қылмысы тіркеліп, 12 тонна есірткі тәркіленген. Біздер 36 есірткі зертхана мен притонды жойдық. 212 келі синтетика тәркіленді.


Өңірде де жағдай оңып тұрған жоқ. Биыл 415 кг есірткі тәркіленіп, «синтетика» әзірленетін 1 зертхана жойылған. Сондай-ақ, аймағымыда жол көлік апаттарының саны артқан. Жыл басталғалы полицейлер ережені бұзған 57 мыңға жуық солтүстікқазақстандықты анықтады. Олардың бір мыңға жуығы ішімдікке тойып алып темір тұлпар тізгіндеген. 248 адам жүргізуші куәлігінен айырылып, 894-і әкімшілік қамауға алынды. Сондықтан Министр алдағы уақытта жол ережесін бұзушыларға жаза қатаңдатылады деді. Ал жалған нөмір тағып тайраңдайтындарды тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделуде. Жалпы облысымызда жасалатын қылмыстардың 70 пайызы облыс орталығында тіркеледі. Сондықтан бүгіндері бейнебақылау камералары орнатылып, тәртіп сашылардың жұмысында заманауи технологиялар қолданылуда. Жиын барысында полицейлерге қолдау көрсетіп, қылмыскерлермен күресуге септесіп жүрген бірқатар азаматқа ІІМ медалі табыс етті.



Жиынға қатысқан солтүстікқазақстандықтар министрге өз сауалдарын жаудырды. Марат Ахметжановқа базынасын жеткізгендердің бірі жазда анасынан айырылған Алтынбек Сайлауов. Қостанайдан кездесуге арнайы келген жігітті мұндағылар ғимаратқа кіргізбей қоймақшы болған.


АЛТЫНБЕК САЙЛАУОВ, ҚОСТАНАЙ ТҰРҒЫНЫ:

- Биыл жазда жидек теріп жүрген менің анам- Алтынай Мұздақбаеваны атып кеткен болатын. Бұл оқиғаны барлығы біледі. Сол кезде браконьер Сергей Лосенья ұсталып, ал қылмыс кезінде оның қасында болған жергілікті учаскелік инспектор Қабай Әлтиев тек қызметін атқармады деген баппен ғана айыпталды. Бүгін соттың алғашқы отырысы болады. Сондықтан барлық кінәлілер тиісті жазасын алса екен деймін. Мен осы жиынға анамды тауып алған ауылдасыммен келген едім, бірақ бізді мұнда кіргізбей қойды. Сосын ол күтпей кетіп қалды.


Алтынбектің сұрағына жауап берген министр жағдайды бақылауға алып, тиісті мамандарға тапсырма беретіндігін жеткізді. Ал қала тұрғыны Свелана Вульфтың пәтерді жалға беретін агенттіктерге деген өкпесі қара қазандай.


СВЕТЛАНА ВУЛЬФ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Әдетте, тәуліктік жалға берілетін пәтерлерде жастар көңіл көтереді. Олар шулағанда біздер полиция шақыртамыз. Бірақ олар баспананы алған жандарға ғана айыппұл салады. Ал агенттіктерге ешкім ештеңе демейді. Олар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Сондытан оларды да заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартса жақсы болар еді.


МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

- Бұл мәселені заң тұрғысынан қарастырып көру қажет. Егер құжат бойыша оларды жауапкершілікке тарту көзделмесе, онда механизмдерін өзгерту қажет. Шыныменде бүгінде аталған проблема өзекті. Кейбір тұрғындар пәтерлерді заңсыз жалға беріп жүр. Олардың барлығы жіті тексеруді қажет етеді.


Кейін Марат Ахметжанов азаматтарды жеке қабылдап, журналистермен брифинг өткізді.