Негізгі Жаңалықтар Сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады

Сайлау күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады

Петропавлда 20 қараша, яғни кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күні қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Бұл туралы Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабаралды.


Барлық қоғамдық көлік әдеттегі кестеге сай жүреді. Бұдан басқа мүгедектігі бар адамдар үшін инва және әлеуметтік таксилер қызмет көрсетпек. Осы мақсатқа 2 инватакси мен 6 әлеуметтік такси қарастырылған. Облыс орталығында 94 сайлау учаскесі бар. Жалпы өңірде 386 мыңға жуық адам дауыс бере алады. 20 қараша күні облыста 655 сайлау учаскесі жұмыс істемек.


Бөлісу