16 қараша, сағат таңғы 06:00 шамасында Тайынша ауданындағы республикалық маңызы бар тасжолда жол апаты БОЛДЫ. Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан "Toyota Land Cruiser Prado" автокөілгі қарсы бетте келе жатқан тіркемесі бар Ауди маркілі машинамен соқтығысқан. Салдарынан 4 адам көз жұмды. Тойтоның тізгінінде 51 жастағы петропавлдық азамат болған.


Салдарынан екі көліктің де жүргізушілері және "Audi " машинасында отырған екі жолаушы қаза тапты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.