19 қазан Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі. Мереке қарсаңында № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметін жақынырақ білгісі келетін колледж студенттері үшін арнайы шеберлік сағатары да ұйымдастырылды.
№ 2 мамандырылған өрт сөндіру бөліміне келген студенттер, алдымен құтқарушылардың жабдықтарымен танысты. Жастарға 3 қабатты өрт шыққан ғимаратқа мініп-шығу дағдылары көрсетілді. Студенттер де машықтанып, мамандықтың қыр-сырымен кеңінен танысты.
ЕРСҰЛТАН ҚАЙЫРГЕЛДІ, СТУДЕНТ:
- Басында қорқынышты болды,содан соң батылдығымды танытып биікті еңсердім. Бұндай тәжірбие маған қатты ұнады, өрт сөндіруші мамандығының оңай емес екенін өзіміз сезіндік.
- Басында қорқынышты болды,содан соң батылдығымды танытып биікті еңсердім. Бұндай тәжірбие маған қатты ұнады, өрт сөндіруші мамандығының оңай емес екенін өзіміз сезіндік.
Мына техника Трэкол деп аталады. Ол жол талғамайтын көлік. Боранды, аязды күндері онымен жолда қалған талай адам құтқарылды, адасып кеткендерге көмек көрсетілді.
ЖАНАТ ҚАЙЫРЛИН, № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Біз өрт сөндірушілердің жұмысын егжей-тегжейлі көрсететін боламыз.Ұйымдастырылып отырған іс-шарада студенттер техника, апаттық-құтқару құралдарымен жақынырақ танысады.
- Біз өрт сөндірушілердің жұмысын егжей-тегжейлі көрсететін боламыз.Ұйымдастырылып отырған іс-шарада студенттер техника, апаттық-құтқару құралдарымен жақынырақ танысады.
Кәсіби мереке қарсаңында № 2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінін маңына ерекше аялдама орнатылды. Болатбаев көшесінде орын тепкен аялдамаға 1950-шы жылдары кең қолданыста болған өрт сөндіру техникасы қойылды. Бұл көлік Мамлют ауданында талай өртті сөндіруге қолданылған.
САМАТ ЖАПАРОВ, № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:
Мерекеге орай білім ордаларында, колледждерде өрт-сөндіруші-құтқарушылармен кездесулер, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.