1 қазаннан бастап өңірде «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты: құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындармен тығыз және сенімді қарым-қатынас орнату. Учаскелік полиция инспекторлары осы аралықта өзіне бекітілген учаскедегі үй-үйді аралап шығуы тиіс. 
 
- Разбивают, да? – Разбивают самокатами, прыгают! Не слушают!  Матерятся. – Ну все, их надо.
 
Облыстың ең ірі елді мекені – Петропавл қаласында іс-шара аясында учаскелік инспекторлар барлық шағын аудандардың тұрғындарымен кезең-кезеңімен жиындар өткізуде. Жуырда осындай кездесулердің бірі Жұмысшы кентіндегі Островский көшесі, 149 мекенжайындағы көппәтерлі үйдің ауласында өтті.
 
 Галина Тризна, зейнеткер:
- Своего участкового знаете, часто приходит к вам? – Заходит, сообщает; когда - про интернет-мошенников, когда – просто что-то случается – мы в курсе всегда. Ну, дети – они есть дети. Детей у нас много, но есть несколько человек, которые не слушаются, хулиганят. Но мы думаем, что мы с ними справимся.
 
 Тәртіп сақшылары аула тұрғындарына онлайн жасалатын алаяқтықтың алдын алу бойынша егжей-тегжейлі айтып берді. Тәжірибе көрсеткендей, желідегі алаяқтар зейнеткерлерді таңдайды. Өйткені оларды алдау оңай. Полицейлер интернет-алаяқтардың жиі кездесетін сценарийлері мен механизмдері туралы айтып, жадынамалар таратты. Кездесу соңында егер әлдебіреу қоңырау шалып, жеке деректерді сұрай бастаса, оның алаяқ екенін және тұтқаны бірден қоя салу қажет екенін айтты. 
 
Айнагүл Сауытбекова, Петропавл қ. ПБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі:
- Біз островский көшесі, 149 үйдің тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өткіздік. Осы үйдің тұрғындарымен сөйлестік. Алаяқтар хабарласқан кезде не істеу керек, қалай сөйлесу керек, бұл туралы кімге хабарласу керек. Алаяқтардың негізгі схемаларын айттық. Кездесуде үлкен кісілер болды.
 
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарынан іс-шараның өтуіне түсіністікпен қарауды сұрайды және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне барынша жәрдем көрсетуге шақырады. Күдік туғызатын адамдар туралы «102» нөміріне хабарлау қажет. 1 қазаннан бастап осы сынды кездесулермен облыс бойынша көпқабатты үйлердің 18 мыңнан астам пәтері және 25 мыңнан астам жеке үй қамтылды. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында әр түрлі есепте тұрған 972 адам, сондай-ақ 129 қолайсыз отбасы тексерілді. Тұрғылықты мекенжайы жоқ 24 адам ұсталды. Жалдамалы 1120 пәтер тексерілді, онда тіркеусіз жалдауға тұрғын үй берудің 58 фактісі анықталды, олар бойынша ұсыныстар салық органдарына жіберілді. Атыс қаруының 2092 иесі тексерілді, оның барысында қаруды сақтау ережелерін бұзудың 6 дерегі анықталды.