Өткен жылдың қазан айында Қызылжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Мереке Ағажановқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Соттың үкімімен мемлекеттік қызметшіге алдымен айыппұл салынса, кейін жаза өзгертіліп, ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу жүргізіп, қылмыстың жасалуына не себеп болғанын анықтады. 

2021 жылдың тамыз айында облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өңірде автомобиль жолдарын салу және жөндеу саласындағы жүйелі қылмысты ашу бойынша жұмысты жүргізді. Облыстың мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларына бірнеше рет пара беру фактілері бойынша облыстың жол саласы компанияларының бірінің директоры анықталды. Осы қылмыстық істі тергеу барысында Қызылжар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мереке Ағажановтың ісі әшкере болды. Ол алаяқтық жасап, жеке кәсіпкерді алдау арқылы 1 млн 250 мың теңгені қалтасына басқан. 

 ДАМИР ХАБИБУЛИН, СҚО ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Аталған қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы себептер анықталды. Қызылжар ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мереке Ағажановтың алаяқтық фактісі дәлелденді. Атап айтқанда, Агажанов серіктестік директорынан мемлекеттік сатып алуға еш қиындықсыз қатысуы үшін  кәсіпорынның тұрақтылық коэффициентін арттырғаны үшін 1 млн.250 мың теңге мөлшерінде пара алған.

 Сот Экс-шенеунікке алдымен айыппұл түріндегі жазаны тағайындаса, кейін оны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ Ағажанов енді өмір бойына мемлекеттік қызметті атқара алмайды. Жиында сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу ұсынылды.

БАУЫРЖАН ШАЙКЕНОВ, СҚО БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Мемлекеттік орган өкілдері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін, осы айда түрлі іс-шаралар өткізілді. Негізгі қолға алынған жүйе ол жұмысшыларға алаяқтыққа барған жағдайда алда оларды қандай жаза күтетінін көрсету.

Мемлекеттік орган өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін  жүйелі түрде профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыруды баса назарға алуы тиіс.