Жеті қазынаның бірі жылқының сүті емдік қасиеттерге ие екенін бәрімізге мәлім. Сол себепті ұлттық сусынға сұраныс та жоғары. Мамлют ауданындағы "Арқалық" ШҚ қымыз өндіруді өндірістік жолға қойған. Кәсіпорын қазіргі уақытта  күніне 500 литр өнім өндіреді.

Шөбі шүйгін, жері құнарлы қызылжар өңірі мал ұстап, напақа табуға таптырмас жер. "Асхат Агро" ЖШС етті-сүтті қазақы жылқыларды өсірумен айналысады.Қазіргі таңда серіктестікте 640 бас жылқы бар. Ал, «Арқалық" ШҚ қымыз сусынын 2004 жылдан бері өндіріп келеді .Өнім "Халал" сертификатына ие, үнемі республикалық және халықаралық көрмелердің жеңімпазы атанып, солтүстікқазақстандықтардың сұранысына ие болған.Өнімнің құрамына табиғи бие сүті мен қымыз ашытқысы кіреді.

ЗӘУРЕШ МҰСТАФИНА, "АРҚАЛЫҚ" ШҚ ҚЫМЫЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Мамандардың сөзінше 4 литр ашытқы 75 литр сүтке жұмсалады.Өндіріс цехында қазір тәулігіне 500 литрге дейін өнім өңделеді.Бөшкелерден сусын бөтелкеге құйылып,дайын өнім сатылымға шығады.

МАРАЛ ГАФИУЛИНА, «АРҚАЛЫҚ" ШҚ ҚЫМЫЗ ӨНДІРУ ЦЕХЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

"Арқалық" ШҚ-да қымыз өндіретін зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне бір мың литрге дейін шақталған,кәсіпорын жылына 38 мың литрге дейін сусын өндіреді.