Битум мәселесін шешу, көмірді көршілес мемлекеттерге шығару фактілерін тежеу, тұмауға қарсы екпе салу науқанын бастау. Әкімдік отырысында осы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Мұнымен қоса 2022-ші жылдың 8 айындағы облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуы қорытындыланды. Өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов бірқатар салада өсім бар екенін атап өтті. Алайда кей аудандар артта қалған. Осы ретте аудан басшыларына олқылықтарды қысқа мерзімде жойып, жүктелген міндетті толық көлемде атқаруға тапсырма берілді.
 
Облыс экономикасы тұрақты дамып, халықтың табысы да өсіп келеді. Жыл басынан 20 мың адам еңбекпен қамтылса, 8 мың жаңа жұмыс орны пайда болды. Ауыл шаруашылығы саласына тоқталатын болсақ, биыл астық өндіру 1 млн 102 мың тоннаға дейін өсті. Осылайша өсімдік шаруашылығында өсім 16,3 пайызға артқан. Бұдан бөлек мал шаруашылығында да ет өндірісі 4, сүт өндіріс  2 пайызға өскен. Өңірде орақ науқаны аяқталуға жақын. Мұнда Қызылжар, Мамлют және Айыртау аудандарының диқандары көш бастап келеді. 
 
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-   Айыртау және Қызылжар аудандарында бірқатар аграрийі өнімділікті 35 центнерге дейін жеткізгенін атап өткен жөн. Мұнымен қоса Ғабит Мүсірепов ауданында майлы дақылдар 31 пайызға жиналса, өнімділік 15 центнерді құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Мәселен, Тайынша ауданындағы «ЕМС Агро» ЖШС-і жыл басынан 6 мың 200 тонна ет өндірді. Бүгінгі таңда кәсіпорын кешенді ұлғайту жұмыстарын бастап кетті.  
 
 Өнеркәсіптің негізгі үлесі яғни 81,5 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Жыл басынан өндіріс көлемі 247,1 млрд теңгеге дейін артты. Бұл салада да ерекше көзге түскен кәсіпорындар баршылық. Солардың қатарында осы жылдың мамыр айында іске қосылған  кірпіш зауыты да бар. Кәсіпорын ашылғалы  бері  8 млн кірпіш шығарды.  
 
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-   Электротехникалық зауыт 807 трасформатор шығарса, жылдың аяғына дейін 4 млрд теңгеге 4 мың дана өнім өндіру жоспарланған. Изотермиялық термос-вагондарды құрастыратын  «Кул Инфинити» серіктестігі жыл басынан 5,7 млрд теңгеге 130 вагон жасады. Бүгіні таңда зауыт Әзірбайжандық компаниямен 2 жылдық келісімшартты іске асыруда. Жалпы осы жылы кәсіпорын 6 млрд теңгеге 172 вагон құрастырмақ.  Жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отырған серіктестіктердің тағы бірі «Солтүстік Фанер» комбинаты. Биыл мұнда 12 мың текше метр өнім шығарылды. Кәсіпорынның фанерасы  Орталық Азия және Европа нарығына экспортталады. 
 
 Жыл басынан облысқа тартылған инвестиция көлемі де артты. Әр секторда өсімнің барына қарамастан кей аудандарда жұмыс толық көлемде іске асырылмай жатыр. Әсіресе  Мамлют, Мағжан Жұмабаев және Шал ақындықтар артта қалған. Оған не себеп деген сұраққа аудан басшылары ойға қонымсыз сылтауларды айтып, ақталды. 
 
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
-   Жылдың аяқталуына аз қалды. Сол себепті іске аспаған әр жобаны қадағалауға алыңыздар. Бұл аудан әкімдерінің міндеті. Фермерлер мен кәсіпкерлермен кездесіп, оларға қолдау көрсетулеріңіз керек. Мамлют ауданында бұл жұмыс мүлдем тоқтап қалған. Тез арада түзеліңіздер. Алда келе жатқан аудандардың қатарына қосылыңыздар.
 
Бұдан бөлек Құмар Ақсақалов битум мәселесін тездетіп шешуге тапсырма берді. Жақын уақытта облысқа зауыттардан және РФнан бұл материал қажет мөлшерде жеткізіледі.
 
СӘТЖАН АБЛАЛИЕВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Бұдан бөлек әкімдік отырысында халықты тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау жұмыстары туралы айтылды. Қазанның 1-нен бастап СҚ-да екпе салу науқаны басталады. Бүгінгі таңда облыста «Гриппол +» екпесінің 60 мың данасы бар.
 
ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
-   Екпені тегін түрде салдырта алатын азаматтардың санатына есепте тұрған 721 жүкті әйел, 8мыңнан аса медициналық қызметкер және диспансерлік есепте тұрған 6 айдан асқан, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар кіреді. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар 19 мың тұрғы ала алады. Денсаулық сақтау басқармасы кпенің 15 мың данасына қосымша еөтінім білдірді.

 Жиын барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласы және аудан әкімдеріне көмірдің көршілес мемлекеттерге заңсыз түрде шығарылу фактілерін тыюға тапсырма берді. Жалпы өңір бойынша қатты отынға деген қажеттілік 419 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда соның небәрі 100мыңнан аса тоннасы дайындалды. 
 
ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
-  Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес көмірді облыс аумағынан заңсыз түрде шығарып, сату фактілері Жаңажол бекетінде 150, Бидайықта 93 фактісі анықталды. Бұл дегеніміз 5 мың тоннаға жуық қатты отын Ресейге шығарылды. Осы ретте қыркүйектің 30-нан бастап тиісті Заң өз күшіне еңбек. 
 
Мұнымен қоса көмірдің бағасын асыра көтергендерге қатысты шара қолдануы тиіс деді өңір жетекшісі. 
 
Майгүл Сейілбек