Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесі қайта жаңғыртылып жатыр. Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі жаңа кейіпке еніп, заман талабына сай инфрақұрылыммен жабдықталуда. Жоба үш кезеңнен тұрады. Қалпына келтіру жұмыстары көктемде басталып, бүгінде айтарлықтай жұмыс тындырылған.
Петропавлда Қазақстан Конституциясы көшесін қайта қалыпқа келтіру жалғасуда. Жоба 3 кезеңмен іске асырылады. Көктемде Астана көшесінен Парк көшесіне дейінгі бірінші учаскеде жұмыстар басталды. Қазірдің өзінде жоспарланған 35 мың шаршы метр кеспе тастың 20 мыңы төселді. Іспен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Көше жарығы мен орындықтар толығымен жаңартылып, көшеде көгалданатын жерлер көбейеді. Халықты ақпараттандыруға арналған заманауи жарнамалық экран - ерекше жаңашылдық. Ол арқылы ауа температурасы мен уақыт және қала туралы бейнероликтер көрсетіледі.
Басты алаңда таңдай қақтыратын жаңа субұрқақ пайда болады. Ал қазіргі субұрқақ жөнделеді. Ғимараттардың қасбеті бірыңғай сәулеттік үлгіде безендіріледі. Кәсіпкерлер көшеде тамақтану орындарын жасайды. Бұл көшедегі атмосфераны айтарлықтай жандандырады.
Жұмыстар әлі аяқталған жоқ, бірақ қала тұрғындары облыс орталығының басты көшесіндегі қайта қалпына келтіру ісін жоғары бағалады.
Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңін қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Сауда орындары, мәдени жерлер мен заманауи дизайны бар жаңартылған көше жергілікті тұрғындар мен туристерді тартатын орталыққа айналмақ.