Мемлекет басшысы «QazaqGaz» » ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Президентке аталған компанияның атқарған жұмыс нәтижесі таныстырылды. Бүгінде еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткен, соңғы үш жылда 1,7 миллион адам табиғи газдың игілігін көре бастаған. Кездесуде Талдықорған – Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталғаны айтылды. Түрік инвесторы – ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды. Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы – саладағы маңызды жетістіктің бірі.

СНХ: САНЖАР ЖАРКЕШОВ - «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды.