Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шеңберіндегі кәсіптік оқыту бағдарламасы 2017 жылдан бастап іске асырылып келеді. Бағдарлама өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі ретінде енгізілген. 2021 жылдан бастап кәсіптік оқыту шаралары жалғасып, ұлттық және өңірлік жұмыспен қамту жоспарларына интеграцияланды. Ал 2023 жылдан бастап бұл бағыттағы жұмыстар Мансап орталықтар арқылы жүзеге асырылып келеді.

Карэ, каскад – бұл әйелдер шаш үлгілері бұрынғыдай танымал. Ерлердің шаш қию үлгілері де айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұл дағдыларды оқушылар тәжірибе барысында меңгереді. Мамандық алғысы келетіндер үшін Петропавл қаласының Мансап орталығы бірнеше бағыт бойынша оқытуды ұсынады. Солардың бірі – шаштараз мамандығы. Оқыту кезең-кезеңімен жүргізіледі, әр топта 7-8 адамнан оқиды.

СНХ: АЙНАШ ҒАБДУЛХАҚОВА, ОҚЫТУ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Мансап орталықта білім алып жатқан жандардың мақсаты әртүрлі. Бірі - жұмыс табуға үміттенсе, енді бірі бұл саланы кәсіби түрде игеруге ұмтылады. Қазіргі бьюти-индустрия тек қана құралдар мен техникаларды меңгерумен шектелмейді. Бұл - шығармашылықты, дәлдікті және талғамды талап ететін сала.

СНХ: АЙНАШ ҒАБДУЛХАҚОВА, ОҚЫТУ СТУДИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Айнаш Ғабдулхақова 30 жылдан астам уақыт осы салада еңбек етеді. Шебер қазір осы салаға қызығушылық танытқан жастарға өз тәжірибесімен бөлісудің уақыты келді дейді.

СНХ: АҚБОТА СҰЛТАНБАЕВА, ОҚУШЫ


Петропавлда кәсіби оқыту бағдарламалары түрлі топтарға ұсынылады. Олар – жұмыссыздар, біліктілігі жоқ адамдар, жастар, көшіп келгендер және әлеуметтік осал санаттағы азаматтар. Оқыту бірнеше форматта жүргізіледі: қысқа мерзімді курстар, колледж негізіндегі оқу және дуалды оқыту жүйесі.