Орман өртінің алдын алу мақсатында өңірде өртке қарсы бақылау шаралары күшейтілді. Рейдтік жұмыстар барысында тұрғындарға өрт қаупі бар маусымда орман қорында қандай әрекеттерге тыйым салынатыны түсіндірілуде.

Жыл басынан бері өңірде орман қорына қауіп төндірген 8 өрт дерегі тіркелді. Қазіргі таңда СҚО-да өрттің алдын алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Аймақта жыл сайын материалдық-техникалық база нығайтылуда.

СНХР: АРТЕМ АНТЯСОВ – СҚО ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін мамандар 17 әкімшілік хаттама толтырды. Құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыста 42 жедел топ құрылды. Олардың құрамында ТЖД, полиция және мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері бар. Олар тұрақты түрде орман алқаптарында алдын алу рейдтерін өткізеді.

СНХР: РУСТЕМ ЖАНАХМЕТОВ – «ҚЫЗЫЛЖАР» КММ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ИНЖЕНЕРІ


Мамандардың айтуынша, 2025 жылы ірі орман өрттері тіркелмеген. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт ерте сатысында сөндіріліп, оның әрі қарай таралуына жол берілмеген.