Петропавл қаласының су тасқынынан зардап шеккен Ойқала және Былғары шағын ауданында көптен күткен жасыл аймақтар пайда болады. Оны облыстың 13 ауданы мен қалалық әкімдік атқаруда. 

Бұл Ойқала шағын ауданында жаңадан салынған балалар алаңқайы. Шағын аудан тұрғындары үшін бұл біз үшін тек абаттандыру жұмыстары ғана емес, өмірдің қайта басталуы дейді. Тұрғындар қиын күндерді артқа тастап, жағдай жасалып жатқанына риза.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, былтыр апатты үйлер бұзылып, тұрғындар көшірілді. Ал биыл - абаттандыру жылы. Ең бастысы - бұл жобаларға бюджет қаржысы жұмсалмаған.

СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі


Облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласының әкімдігі бірігіп, 74 нысанда абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Әр аудан өз жауапкершілігін алып, зардап шеккен шағын аудандарға көмектесуде. Ойқала шағын ауданындағы алғашқы сквер бір айда салынып бітті. Әлеуметтік жауапкершілік аясында Тайынша ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан 20 миллион теңгеге балалар ойын алаңын салуға көмек көрсетілді.

СНХ: Әділет Рахымжанов, Тайынша ауданы әкімінің орынбасары


Қалпына келтірілген бұл скверлер - тек табиғатты емес, адамдардың үмітін де жаңғыртты. Су тасқынының салдарын еңсерген Петропавл тұрғындары енді болашаққа сеніммен қарайды.