Петропавл қаласында тағы жаңа сквер қолданысқа берілді. Ол «Ойқала» шағын ауданында орналасқан. Жаңа нысанмен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысып, тұрғындармен тілдесіп қайтты. Айта кетейік, Ойқалада сондай-ақ, футзалға арналған екі модульдік спортзал салынатын болады.

Жаңа саябақ – былтырғы су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды абаттандыру мақсатында салынған. Мұнда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған. Үлкендер скверде таза ауада тынығып, ән шырқап көңіл көтерсе, кішкентай балалар батпырауық ұшырып мәз.

СНХ: ҚАЙЫРГЕЛДІ СМАҒҰЛОВ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Сергей Черкасов - Ойқала шағын ауданында 2006 жылдан бері тұрады. Қала тұрғыны үйінің аумағында жаңа саябақ бой көтергеніне қуанышты.

СНХ: СЕРГЕЙ ЧЕРКАСОВ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ


Қазіргі таңда Ойқаладағы саябақта абаттандыру жұмыстары белсенді жүргілізіп жатыр. Шағын аудандағы скверде балаларға футболмен айналысуға мүмкіндік беретін су жаңа стадион да салынған.

Облыс әкімінің сөзінше, шағын ауданды абаттандыру және дамыту жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта, футзалға арналған екі модульдік спортзал салынады.