Биыл 600-ден астам абонент электр энергиясымен қамтушы компанияЛАРмен техникалық шарт жасасқан. Солардың дені жаңа салынған нысан иелеріне беріліпті. Құжатты алу барысында солтүстікқазақстандықтарда қиындықтар туындамаған.

Ал электр жабдықтаушы ұйыммен келісім жасай алмаған тұрғындардан жыл басталғалы 5 шағым түскен. Жалпы өңір халқын 3 компания жарықпен қамтамасыз етеді. Олардың бірі облысымыздың 5 ауданындағы абонентерге қызмет көрсететін «Көкшетау энерго». Ол Ақмола облысының департаментіне қараса, қалған екі кәсіпорынның жұмысын ведомства өкілдері үнемі бақылауда ұстап отырады. Биыл олардың тарапынан олқылықтар тіркелген жоқ дейді атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің жергілікті департаментінің мамандары.

ЖӘМИЛА ӘБДІҚАСЫМОВА, ҚР ЭМ АТОМДЫҚ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ СҚО БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСШЫСЫ:
-
Энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту бойынша, энергетика министрлігімен Саиди және Саифи деген екі көрсеткіш бар. Осы нақты көрсеткішті асырмау үшін Энергетика министрлігімен ҚР Әкімшілік кодексінің 301 бабына сәйкес, энергетика кәсіпорындарының басшыларына 125 АЕК көлемінде айыппұл салынады.