Мемлекеттік кеңесші алдағы президент сайлауының ерекшеліктерін атады. Ерлан Қариннің сөзінше, саяси дода - жаңа сайлау циклын бастайды. Бұл туралы ол өзінің телеграм арнасында жазды. Онда мемлекеттік кеңесші/ соңғы үш жылда саяси реформалардың іске асқанын атап, енді жүйені түбейлі жаңғырту қажеттігін айтқан. Ол үшін президент, парламент пен мәслихат сайлауын өткізіп, үкіметті қайта жасақтау қажет. Тағы бір маңызды жайт - алғаш рет сайлаудың өтетін мерзімі алдын ала жарияланды. Яғни қоғамдық талқылау өткізуге және алдын-ала дайындық жасауға уақыт жеткілікті болды. Бұған дейінгі дәстүр бойынша бір күнде-ақ кезектен тыс сайлау уақыты  жарияланып, Жарлыққа қол қойылатын.