Жыл басынан бері Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығы 200-ден астам балаға экскурсия өткізді. Бұл жолы № 17 қалалық орта мектебінің 40 бастауыш сынып оқушысы қызметтік иісшіл иттердің жұмысын көрді.

 Ұрлық, есірткі қылмысы, жарылғыш заттарды іздеу - қызметтік-іздестіру иттері күнделікті жедел уәкілдерге қылмысқа қарсы күресте көмектеседі. Ал олардың әрқашан сау, тамағы тоқ және жұмысқа жарамды болуы – кинологтар мен мал дәрігерлерінің міндеті. Мамандар оларды апта бойы баптап, серуенге шығарады, жаттықтырады.  

АЛЁНА БУРЛАКОВА, № 17 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 2 «Ж» СЫНЫБЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ:
- Біз мұнда екінші рет келіп отырмыз және бізге иттердің қалай жаттығатынын көру өте ұнайды. Мұндағы Мэри атты ит өткенде келгенде күшік еді, өсіп қалыпты.

 Полицейлердің айтуынша, экскурсияның негізгі мақсаты - балаларға кинолог мамандығы туралы айтып беру; осы мамандықтың маңыздылығын түсіндіру. Көбіне ең қауіпті қылмыстарды ашуға иттер көмектеседі екен.

САМАТ ТӨЛЕБАЕВ, СҚО ПД КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
- Жыл бойы кинологиялық қызмет орталығында мектеп оқушыларына мерзімді түрде экскурсиялар өткізіліп тұрады. Қала мектептерінен басқа, бізге ауыл мектептерінен, мектеп-интернаттардан балалар келеді. Біз жұмысымызды, үйретілген, дайындалған иттерімізді көрсетеміз. Мұның бәрі балалар үшін қызық.

Облыстың полиция бөліністерінде 50 қызметтік-іздестіру иті бар. СҚО ПД КҚО базасында – 24, Петропавл қаласының Полиция басқармасында – 5, қалғандары - аудандық полиция бөлімдерінде. Бұл неміс, бельгиялық  овчаркалар, лабрадорлар, спаниельдер мен ротвейлерлер.  Жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттерінің қатысуымен 480-нен астам қылмыс, оның ішінде есірткі заттарын іздеу бойынша 20-дан астам қылмыс ашылды.