Ақжар ауданы Ленинград ауылдық округіне кіретін 3 ауылда 4 мектеп пен 1 колледж бар. Білім беру ордасының екеуі Ленинград елді мекенінде орналасқан.  
 
 2021-ші жылы Ленинград ауылындағы мемлекеттік тілде оқытатын № 2-ші Ленинград орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Білім беру ордасының шатыры, едені мен есік, терезелері ауыстырылды. Сондай-ақ қазандық далаға шығарылып, дәретханалар мектеп ішіне кіргізілді. Бұл жұмыстарға облыстық қазынадан 159 млн теңге бөлінді. Айта кету керек, 1977-ші жылы тұрғызылған ғимарат соңғы рет 2008-ші жылы орта жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда мұнда 27 мұғалім еңбек етеді, оқушы бар.Оларға бар жағдай жасалған. 27 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Мұнымен қоса, өткен жылы білім ордасының материалдық-технкиалық базасы жаңартылып, 5 жаңа лэд экран бөлінді. 
 
САЙРАН ЕРЕЖЕПОВА, № 2-ШІ ЛЕНИНГРАД ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
-  Бізде міне сырты осы курпустың металосайдингпен қапталған. Мектеп бізде 2 корпустан қосылған. 1-ші корпус жөндеуден өтті.2-ші корпус қалды. Ол 2009-шы жылы күрделі жөндеуден өткен.Сондықтан сол корпуста есіктер, шатыр ісітелінсе деген ойдамыз келешекте. 

Майгүл Сейілбек