Қыркүйек айында Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар іс-шараны қолға алу керектігін  атап өтті. Әсіресе әйелдердің зейнетке шығу мерзімінің төмендетілуі, бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу уақытының 1,5 жылға ұзартылуы, ауыл медицинасын дамыту және отбасының цифрлық картасын іске қосу сынды маңызды мәселелерді көтерді. Осы ретте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент тапсырмаларын іске асыру алгоритмін әзірледі. Жаңашылдықтар туралы өңірлік коммуникация қызметінде айтылды.
 
Ел Президенті Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасын ұсынды. Осылайша 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 болып бекітіледі. Бұл 2028-ші жылға дейін өзгермейді. Осы 5 жылда Үкімет ауыл медицинасын дамытуға үлкен көңіл бөлмек. 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 70%-не дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен өсіріледі. Айта кету керек бүгінгі күні ел бойынша зейнеткелердің саны 2 млнды құраса СҚ бойынша 100мың адамға дейін жетіп отыр.
 
МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ, СҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
-  Жолдауға сәйкес бала күтімі бойынша жәрдемақы төлей мерзімін төлеу 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылады. Осы ретте аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылатын болады. Яғни жұмыс істемейтін әйелдерге Республкиалық бюджеттен жәрдемақы 1 жасқа дейін төленсе енді 1,5 жасқа дейін төленеді.  Аталған өзгеріс 2023-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап енгізіледі. Бұл құқықты облыс бойынша 4 мыңнан астам ата-ана пайдаланатын болады.  
 
 Сонымен қатар, қыркүйектің 1-нен бастап Отбасының цифрлық картасы пилоттық жобасы іске қосылады. Ол азаматтарға әлеуметтік мәртебесіне байланысты қандай да бір мемлекеттік қолдау алу құқықтары туралы хабарлайтын болады. СҚбойынша  бүгінгі күні жобаға 16 мың адамның дерегі енгізілген. ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы бойынша да жұмыстар жүргізіліп жатыр.
 
ГҮЛБАҚЫТ МАНАБАЕВА, СҚО БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 
-  Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы барлық қолданыстағы Заңнамалық актілерді біріктіреді.Осы құжатта жұмыспен қамту, аранйы әлеуметтік көмек көрсеті, зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар жаңалық бар. 
 
 Бұдан бөлек кодекс жобасында ана мен баланы қолдау басымдығы, еңбек нарығын дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды  әлеуметтік қорғау сынды бірнеше басымдыққа көңіл бөлінбек. 

Майгүл Сейілбек