Бескөл мәдениет үйінің қасбеті 15 жыл жөндеу көрмеген. Биыл  жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, нысанды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліпті. Оған 30 млн теңге жұмсалды.

 Қарағандылық мердігер компания іске сәуір айында кіріскен. Барлық жұмыстарды қазан айында аяқтамақ. Сондай-ақ, алаңда шағын архитектуралық мүсіндер орнатылады.Оған қоса түнгі уақытта ерекше көрік беру үшін түрлі-түсті шамдармен безендірілмек. 

ДИДАР ТІЛЕУ, БЕСКӨЛ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ жетекшісінің МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
-
Мәдениет үйінің сырты басқа түске өзгерді. Есіктері және баспалдақтары ауыстырылды. Қазіргі кезде қыркүйектің соңына дейін ғимараттың сыртында домбра және ноталардың суреттері салынады. Олар түнде жанатын болады.