21 шілдеде Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубы УЕФА конференц-лигасында алғаш рет хорватияның «Осиек» клубына қарсы ойнайды. Өткен маусымда Қазақстан Премьер- лигасында біздің футболшылар турнирлік кестеде төртінші орын алып, еурокубокқа жолдама алған болатын. Қазіргі уақытта алдағы ойынға қызу дайындық жүргізілуде.
Клуб Президентінің айтуынша, нәтиже көрсету үшін күрес өте тартысты болмақ, Өйткені қарсылас команда біздің ойыншыларымыздан мықтырақ. Дегенмен ойыншыларымызда жеңіске жетуге деген үміт басымырақ. Биыл «Қызылжар» командасының қатары бірқатар танымал легионерлермен толыққан. Айта кетсе жөн ,жанкүйерлердің қолдауы да жиі маңызды рөл атқарады, сондықтан клуб басшылығы қазір солтүстікқазақстандық футболшылармен бірге ел астанасына қызықты мачқа аттанатындарға бірнеше автобустарды дайындап жатыр.
ГРИГОРИЙ ЛОРИЯ, «QYZYLJAR» ФК ПРЕЗИДЕНТІ:
- «Кездесетін команда мықтылардың қатарында, футболшылары өте мықты сондықтан біз шындап дайындалудамыз. Кездесу оңайға соқпайтынын жақсы түсінеміз. Бірақ осындай мүмкіндікке ие болған соң, ойыншыларымыз барын салып, жақсы ойын көрсетулері керек. Сондықтан команда қызу дайындық үстінде. Қазіргі уақытта қанша жанкүйер баратындығы анықталуда. Біз тек автобусты дайындап жатырмыз, ал онда барған соң оларды қарсалып, орнықтырады.»