Облыс орталығында спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты басталды. Жыл сайын өтетін бұл жолғы дүбірлі додаға еліміздің 5 аймағынан 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыстың ашылу салтанатына арна тілшілері барып қайтты. Сюжетке назар аударайық.

 Спорттық бағдарлаудан ел чемпионаты – дәстүрлі. Биыл оған қатысуға 100-ге жуық спортшы ниет білдірген. Қатысушылар 4 күн бойы бірнеше қашықтық бойынша шын жүйрікті анықтайтын болады. Жарыс ережесіне сай, қатысушыларк картада белгіленген барлық бағдарлау пунктерінен өтуі шарт. Кейін команданың дистанцияны өткен уақыты мен ұпайлары шығарылады.

 ЖАНБОЛАТ ДӘУІТ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ХАТШЫСЫ:

НАТАЛЬЯ ЧУПРИКОВА, ЗАМ ГЛ.СЕКРЕТАРЯ СОРЕВНОВАНИЙ:

 Жарысқа қатысушылардың арасында Айару Аманғали бар. Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап келіп отырған жас спортшы бұл спорт түрімен 4 жыл айналысып келеді. Бұған дейін де түрлі сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған ол бұл жолы жеңістен үмітті.

 АЙАРУ АМАНҒАЛИ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

Ел чемпионаты шілденің 18-і күні аяқталмақ. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшылар ұлттық құрама сапына енуі мүмкін.

 

Нұрбол Балғабеков