Жерлес бишілер Гонконгта өткен сайыстан жеңіспен оралды. спорттық биден Азия Чемпионы Ярослава Кузнецованы мен Кирилл Новиковты әріптестері, туған-туыстары Петропавлдың теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алды. Жерлестер ел намысын халықаралық өнер додасында абыроймен қорғап,Азия Чемпионатында екі бірінші орынды жеңіп алды.
Вокзал перонында спорттық биден Азия Чемпионатының екі жеңімпазын жиналған жұртшылық қошеметпен қарсы алды. Жерлестер әлемнің 24 елінен келген 18 бен 35 жас аралығындағы әуесқой бишілердің арасынан үздік деп танылды. Кирилл Новиков пен Ярослава Кузнецова бір жыл бойы жұпта өнер көрсетіп келеді.
КИРИЛЛ НОВИКОВ, СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
ЯРОСЛАВА КУЗНЕЦОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:
- Қарсыластар өте мықты. Әсіресе Қытай елінен келген спортшылардың дайындығы жақсыболды. Сайыс барысында Гонкондықтар мен жапондықтар бәрін таң қалдырды. Соңғы биге келгенде біз 3-не, немесе 4-ші орынға ғана жетеміз деп ойлағам. Сондықтан бірінші орын иелеген деп есімімізді атағанда, қатты таң қалдым.
Чемпионат ережесі бойынша, европпалық бағдарламада 5 бидің екеуін ғана қазылар алқасына ұсынды. Кирилл мен Ярослава сахнада вен вальсі мен баяу биді орындап берді. Бастапқыда шетелдік аренада Қазақстаннан аты шыққан чемпиондар өнер көрсету тиіс еді. Алайда белгілі бір себеппен олар бара алмаған соң, бұл мүмкіндік біздің спортшыларға бұйырды. Артылған сенімді олар абыроймен ақтап, еліміздің медальдар қорын толықтырды.
ЮЛИЯ ШИРИНА, «SAVANSER» ХОРЕОГРАФИЯ МЕКТЕБІНІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
- Жаттықтырушы ретінде бұл жұптың мүмкіндігін бірден байқадым. Басқа спортшыларға да айтарым, бәсекеден қорықпаңдар. .Чемпион болу үшін үлкен қалада туып, аты шыққан мектепте оқудың қажеті жоқ. Біздің спортшылар осыны талай рет дәлелдеп келеді.
Нәтижесінде Қазахстан алған алтындар бойынша Азия Чемпионатында үздік деп танылды. Алматылық жұп 4 бірінші орынды, солтүстікқазақстандықтар 2 алтын медалды жеңіп алды. Енді спортшылар Австрияда қараша айында өтетін әлем чемпионатына дайындықтарын бастайды.
Екатерина БЕЛОУСОВА
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар