Петропавлдағы Смағұл Сәдуақасов атындағы №2 Петропавл қалалық орта мектебінде референдумды қолдау жөніндегі штаб мүшелері мектеп ұстаздарымен кездесті. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат беру мақсатында мұндай кездесулер өңірдің барлық еңбек ұжымдарында өтпек.
Референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб мүшелері кездесу барысында өзгерістерден кейін халықтың өмір сапасы қалай өзгеретінін түсіндірді және жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.
ЖАНАТ МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ:
- Конституциялық кеңесті Конституциялық сот деп өзгертіп жатыр. Бұл яғни халықтың билікке деген сенімін арттыру мақсатында жсалынып жатыр. Конституцияға тағы бір жағымды жаңалық – мынау жер қойнауы, жердің астындағы ,үстіндегі байлық бұрын мемлекеттікі деп жазылған болса, енді Конституция бойынша халықтыкы деп. Бұл да бір үлкен үміт ұялатады, мысалы, біздің облыста жер дауы болып жатыр ғой, осыған байланысты халықтың пайларын, басқа жұмыстарын да жасауға септігін тигізеді деп ойлаймын.