Алматыда болған жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 5 қаңтар күні облыстан әскери қызметшілер оңтүстік астанаға аттанды. Қазіргі уақытта 66 37 әскери бөлімнің сарбаздары шаһарда құқықтық тәртіпті орнатуға және негізгі нысандарды күзетуге жұмылдырылған. Тілшіміз толықтырсын.
Әскерилер Петропавлдағы 6637 әскери бөлімнен Алматыға 5 қаңтарда аттанды. Оңтүстік астанаға бөлім командирі бастаған жедел әскери резервтің жеке құрамы жөнелтілді. Олардың алдында қаладағы маңызды нысандардың бірі – 2-ЖЭО қорғау міндеті тұрды. Кейін жағдай біршама тұрақталғаннан кейін сарбаздарға Алматы көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтау міндеті жүктелді.
АЗАМАТ МАДАЛИЕВ, 6637 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ 2 АТҚЫШТАР РОТАСЫ ВЗВОДЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
Бейбіт халықты қорғауға, ел тыныштығын сақтауға Алматыға аттанғысы келіп, сұранған әскерилердің қатары көп болыпты. Алайда, өзіміздегі, өңірдегі жағдайды да назардан тыс қалдырмау міндеті тұрды. Сондықтан төтенше жағдай режимі жарияланғанда сарбаздар қала көшелеріне күзетуге шықты.
МЕДЕТБЕК АЙДОС, ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР:
Штаб бастығының айтуынша, әскери бөлім жауынгерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жатыр. Әзірге олардың өңірге қашан қайтатыны белгісіз.