Тамыз айының бірінші жексенбісі  көлік қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай қалалық мәдениет үйінде  салтанатты жиын өтіп, осы салада көп жыл қызмет атқарып, еңбегі еленген бір топ азамат алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталды.Мереке иелерін   облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Антон Федяев құттықтады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуіне көлік саласы қызметкерлерінің де  қосқан  үлесі елеулі. Бүгінгі таңда өңірімізде 200-ден аса автобус бағыты қосулы, 500 елді-мекен аралығында   жолаушылар тасымалы тоқтаған емес.  Жаңартылған Петропавл    халықаралық әуежай да қазір кез-келген ұшақты қабылдауға қауқарлы.

АНТОН ФЕДЯЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Мемлекет  басшысы   көлік  саласын отандық экономиканың  күретамырына балап, оны  дамытуға  айырықша  көңіл бөледі. СҚО-да  бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылуда. Сала  көрсеткіштері  сіздердің еңбектерінің арқасында жыл өткен сайын жақсарып келеді.

Өңірдің  көлік саласында  мыңдаған адам еңбек етеді. Кәсіби мейрам қарсаңында олардың   бір қатары    түрлі наградаға ие болды. Солардың бірі - Бейбіт Сейпілов.  Ол өмірінің 40-қа жуық жылын  көлік саласына арнаған. Бейбіт Әнуарұлы ұзақ жылғы   адал еңбегі, облыстың көлік саласын дамытуға қосқан үлесі  үшін өңір жетекшісінің құрмет грамотасымен марапатталды.

БЕЙБІТ СЕЙПІЛОВ, «ҚЫЗЫЛТУ ТРАНС» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Енді бүгін міне мереке қарсаныңда барлық әріптестерімді төл мерекемен құттықтаймын.Бақыт,денсаулық,ақжол тілеймін.Мен осы салада 1984-ші жылдан істеймін.2,22 Ыстық болсын,суық болсын енді жүргізушілердің жұмыс орны ол жол.Бәрін де көреді.

Бұл күні жас мамандардың да еңбегі елеусіз қалмады. Виталий Морозовтың  осы салада қызмет етіп  жүргеніне 3-ақ жыл болса да, өзінің қажырлы еңбегімен, ұтқыр ойымен көзге түскен. Бүгін ол Инвестициялар және даму Министрінің алғыс хатымен марапатталды.

ВИТАЛИЙ МОРОЗОВ, СҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл салада мен 3 жыл жұмыс істеудемін.Оқуымды тәмамдаған соң бірден осында орналастым.Жас мамандарға мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріліп отырғанына өте қуаныштымын.Осы қысқа мерзімде    әріптестерімнен, аға буыннан көп нәрсені үйрендім, тәжірибе жинадым.

Жалпы айтқанда осы күні 21 адам соның ішінде 5-і Министрдің, 4-і облыс әкімінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталарымен марапатталып, кеуделеріне төс белгілер тағынды. Жиын мерекелік концертпен жалғасты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар