Бүгін  еңбек ардагері Тілек Әбдрахманов 85 жасқа толып отыр. Мерей той иесін облыстық ардагерлер кеңесі құттықтап, облысымыздың  дамуына сүбелі үлес қосқан үшін СҚО-ның құрметті ардагері медалімен марапаттады.

Тілек Әбдрахманов 1935 жылы дүниеге келген. Оның балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, 8 жасынан  еңбекке араласты. Майданға оның ауылынан 47 адам аттанып, екеуі ғана оралған екен.

ТІЛЕК ӘБДІРАХМАНОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ :

Соғыс жылдары балалар, қарттар, әйелдер колхоздың өндірісін дамытумен айналыстық. Кейін 4 жылдық бастауыш мектепті тәмәмдап, аудан орталығында 5 сыныпқа өту үшін мемлекеттік емтихан тапсырдым. 1954 жылы сол Смирнов 10 жылдық мектебін тәмәмдап, Алматыдағы ауылшаруашылығы институтына агроном мамандығына оқуға түстім. Бірақ ауа райының жақпағанынан оқуымды аяқтамадым.

Ол 1963 жылдан зейнет жасына дейін байланыс саласында қызмет атқарды.  Осы жалдары ол бухгалтерден бастап, мемлекеттік пошта байланысы басқармасының басшысына дейін  көтерілді. 1998 жылы зейнетке шықты. Тілек Әбдірахманов үш баладан 5 немере 2 шөбере көріп отыр.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Облыстық ардагерлер кеңесі Тілек Әбдірахманұлын СҚО дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін СҚО құрметті ардагері медалімен марапаттады..