Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол қауіпсіздігін нығайтуда екі апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Облыс аумағында «Жол-көлік оқиғаларын тоқтатамыз» акциясы өткізілді. Облыстық полиция ведомствосы баспасөз қызметінің бейне материалына назар аударайық.

Акцияның басты мақсаты – жаз кезінде жол-көліктен жарақаттануды және апаттылықты төмендету, себебі жазғы демалысқа шыққан балалар белсенді жол қозғалысы қатысушыларына айналады. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары 12 күн бойы жолда тексерістер, профилактикалық әңгімелер жүргізді.

- Видите, погодные условия ухудшились, дождик идёт, асфальт мокрый, повнимательнее надо, скоростной режим не нарушать…

Көлікті масаң күйде басқару фактілері көбейген. Акцияның 12 күнінде осындай  54 жүргізуші анықталып, жауапқа тартылды. Сондай-ақ жылдамдық режимін бұзудың 600-ден астам фактісі анықталды. Бұл әсіресе жауын-шашын кезінде қауіпті, дымқыл асфальт көлік құралдарының тоқтауына кедергі келтіреді, 35 жүргізуші жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген, төртеуі қарсы бағытқа шығып кеткен. Мотоцикл жүргізушілеріне қатысты 53 хаттама толтырылды.

Әсемгүл Әлібаева, СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы:

- Облыс аумағында маусымның 8-нен 19-ы аралығында «Жол-көлік оқиғасын тоқтату» акциясы өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша 3 мыңнан астам көлік құралдарының жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды  Сонымен қатар, тәуліктің түнгі уақытында көлік тәртібін қатаңдату, жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында патрульдік полиция жасақтары қосылған жыпылықтайтың маяктармен қызметті атқарады.

Полицейлер жазғы демалыс кезінде сақтық шаралары аса маңызды екенін еске салады. Ата-аналар кәмелетке толмаған балаларының жолдағы жүріс-тұрыс ережелерін білетініне көз жеткізуі тиіс және өздері де жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажет.