Петропавлда бас миына күрделі ота жасала бастады. Аталмыш операцияның ерекшелігі емделушіге ешқандай наркоздық дәрі егілмейді және адам денесіне пышақ тимейді. Бұл күрделі ота мидың невризмін эмболизациялау, инсульт кезінде және бастағы қан айналымының бұзылуы кезінде жасалады.Айта кетейік, бірегей операция солтүстік өңірде тек Петропавл қаласында ғана қолжетімді.
Бұрын облыс тұрғындары бас миына ота жасату үшін Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріне жүгінетін. Және операциядан соң, көп уақыт қайта оңалту шараларын өтуге тура келетін дейді мамандар. Енді егер науқас инсультке шалдығып, миындағы қан айналымы бұзылған болса, оны өңір дәрігерлері 1-ақ күнде аяққа тұрғыза алады. Ота барысында емделушінің тек жамбас аймағы тесіліп, заманауи ангиограф құралы арқылы қан айналымына кедергі жасап тұрған тромбтар алынып тасталады.Өте жеңіл әрі қауіпсіз өтетін операция. Ота барысында науқасқа наркоз қойылмайды.Және емделуші 3-ші күні үйіне шығарылады.
АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұл ота жасалмас бұрын науқастарға тек консервативті терапия жасалатын. Инфаркт, инсульт алған адамдар өте ұзақ уақыт оңалту орталығында жатып, кейіннен сал ауруымен үйіне шығарылатын. Ал қазір заманауи құрылғылардың арқасында науқастардың қан айналымы толықтай қалпына келіп, ешқандай сал ауруларынан зардап шекпейтін болады. Ауру адам таңдамайды. Бас миының ауруымен тек үлкен кісілер ғана емес жастарда ауырады. Және бұл отаға зәру науқастар өте көп.
Облыстық кардиология орталығында жаңашылдық көп. Аураханада өткен жылдан бастап жатыр артериялары мен жатыр миомасын эмболизациялау отасыда жасала бастады. Жаңа емдеу әдісінің артықшылығы мен ерекшелігі – жатыр миомасына шалдыққан әйелдерге пышақсыз әрі жатырын сақтап қалатын операция жасалады. Бірегей ота белсіздік пен әйел ауруларының алдын алуға көп септігін тигезеді.
АСХАТ МОЛЖІГІТОВ, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
- Бұрын жатырға ота жасағанда адам денесін үлкен етіп кесетінбіз. Және кейбір кездері науқастың органдарын да алып тастайтынбыз. Ал енді құрылғымен қажетті артерияларын тауып аламыз. Сөйтіп, миоманы қоректендіріп тұрған жерге қан келуі тоқтайды да, миома өсудің орнына, керісінше кішірейі бастайды.
Облыс мамандары өткен жылы мамыр айында бұл бірегей оталарды жасап бастаған. Алайда, кви індеті күшейе бастағаннан соң, операция жүргізу қыркүйек айына дейін тоқтатылды. Қазіргі уақытта ақ халаттылар аталмыш оталардың 30ға жуығын жасап, жақсы нәтижеге жетті. Айта кетейік, аталмыш операция солтүстік аймақта тек Петропавл қаласында МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалады.
Жансая ҚАЙЫПОВА