Жерлесіміз 4 жасар Расұл Нұржановқа жедел түрде көмек керек. Осыдан екі-үш ай ғана балақайдың дені сау еді. Балабақшаға барып, өзге балалар сияқты өсіп дамыды. Кенеттен бәрі өзгерді. Орталық жүйке жүйесі зақымданған бала қазір балақай ауруханада. Расул сөйлей алмайды, өздігінен тамақ ішпейді, жүре алмайды. Сіңірі тартылып, денесін қатты ауру дендеген. Дәрігерлер баланың нақты диагнозын анықтай алмай отыр. Кәріс елінің емдеу мекемелерінің бірі оларды қабылдауға дайын. Алайда медициналық тексерістен өтіп, емделу қомақты қаражатты талап етеді. Отбасы амалсыздан бейжай қарамайтын адамдардан көмек сұрауға мәжбүр.
Бұл бейне өткен жылдың соңында түсірілді. Ашық жүзді, ақкөңіл, қимылы шапшаң Расул тәтті қылықтарымен туғандарын қуантты. 2018 жылдың көктемі бұл отбасыға жамандығымен келді. Бәрі баланың түнгі ұйқысының бұзылуынан басталды. Әуелі ата-анасы бірдеңеден шошыған деп ойлады. Алайда бір-екі айдың ішінде жағдайы мүлде нашарлап кетті. Бала жүруден, тамақ ішуден, айналаны сезінуден айырылды. Сіңірлері үнемі тартылып, кішкентай денені ауыртқаны сонша, Расул ауруды басатын дәрілерді ішкеннен кейін ғана ұйытқұай алатын болды. Балақай, оның ата-анасы мен туысқандары дертпен күресе-күресе әбден қажыды. Жергілікті мамандар баланың орталық жүйке жүйесінің өте сирек дертіне шалдыққанын анықтады. Алайда нақты диагнозы әлі нақтыланған жоқ. Тек аурудың себебі генетика болуы мүмкін деген болжам жасады. Ата-анасы Расулды астана мен Омбы емханаларында тексерістен өткізді. Алайда ауру қайтатын емес.
ЕЛЕНА БЕДИНА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕВРОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Қазір генетикалық негізі бар метаболиттік белгісі бар бірнеше ауруға бөліп сараптама жүргізіп жатырмыз. Барлық сараптамаларын, бас миының түсірмесін, Астана арқылы Итальяндық невролог-профессорге жібердік. Нематик патологиясы бар екендігіне күдік бар. Қосымша зерттелу керек. Бір Алматыдан зерттелуге қажетті планшетті жеткізетін курьермен байланысқа шықтық. Біз сараптама жасағаннан кейін, ол нәтижесін қайтадан Алматыға апарады.
Баланың туыстары шетелдік емханаларға өтініштерін жіберді. Кәріс елі Расулды кез келген уақытта қабылдауға дайын екендігін білдірді. Алайда .бұған дейін өткізген ем шараларының барлығынан зерттелу мен емделудің құнын отбасы көтере алмайды. Көмекті билік өкілдері мен біреудің қайғысына бейжай қарамайтын жандардан сұрауға мәжбүр болды.
РУСЛАН НҰРЖАНҰЛЫ, РАСУЛДЫҢ ӘКЕСІ:
- Астана мен Омбыдан өткен ем шаралары оң нәтижесін берген жоқ.Дерті асқынып барады. Оған қоса, нақты диагнозы қойылмай отыр. Кәріс елінің дәрігерлері емдейміз деп сендіріп отыр. Алайда бастапқыда өзімізбен 10 мың долларды апаруымыз керек. Нақты сомасын айта алмайды. Өйткені баланы көрулері керек. Аурудың себебін анықтап, диагнозын қойғаннан кейін белгілі болады. Билік басындағылардан баланы жеткізуге жәрдемдесуін сұраймын.
АЖАР НҰРЖАН, РАСУЛДЫҢ АНАСЫ:
- Дұрыс емдемеудің салдарынан ауру асқынуы мүмкін. Өкінішке орай, біз нақты білмей отырмыз. Диагнозды нақтылау үшін жедел түрде зерттеу жүргізіп, әрі қарай емделу қажет. Қазір бала жүре де сөйлей де алмайды, тамақ ішпейді. Қатты ауырсынады. Қиналады. Көмектесейік, демек, қолымыздан ештеңе келмейді.
Жандары қиналған ата-ана әлеуметтік желіде халықтан көмек сұрап шырылдауда. Ғаламторды пайдаланушылар барынша репост жасап, ақша жинауда. Осы мақсатта шілденің 29-ы сағат күндізгі 12-де Сити Молл сауда үйінде қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілмек.
ӘЛИМА ҚАЗКЕНОВА, КӘСІПКЕР:
- Біреудің қайғысына бей жай қарай алмайымын. Ал Расул сияқты кішкентай баланың өмірі қыл үстінде жатқанда тіпті жүрегің ауырады. Біздің қаламызда қайырымды жандар жоқ емес бар. Осы ретте жерлестерімді Расулдың отбасына көмектесуге шақырамын.
Кішкентай Расулдың туғандары бар күш-жігерлерін жинап, балаларының еміне шипа табылатынына сенеді. Бүлдіршінге көмектесейік, халайық.
Әсел ОРАЗБАЕВА
Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар