23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Бұл күн елімізде 2013 жылы бекітіліп, 2014 жылдан бастап атап өтіле бастады. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Осы мерекеге орай сала мамандарының еңбектері еленіп, марапатқа ие болды.

Бүгін – ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі. Айтулы датаға орай оқушылар сарайында жиын өтіп, сала мамандары марапатқа ие болды. Мереке қарсаңында қызметкерлерді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішевте құттықтады.

Снх: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Салтанатты жиында аудандық әкімдіктерден бастап облыстық деңгейдегі ведомстволарға дейінгі түрлі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері марапатталды. Солардың ішінде Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненко да бар. Ол 35 жыл бойы халыққа адал қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметкер.

Снх: ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Елге адал еңбек етіп жүрген әрбір қызметшінің маңдай тері ел дамуына қосқан үлес деп білеміз. Салтанатты жиында қызметкерлерге құрмет грамоталары, төс белгілермен сертификаттар табыс етілді.