Жамбыл ауданы Пресновка ауылында меценат мектептің үздік түлектеріне Отбасы банкінде депозиттерін толықтыру үшін қаржылай сертификаттар тарту етті. Бұл болашақ студенттер үшін баспаналы болуға тамаша мүмкіндік.

Кәсіпкер жетінші жыл қатарынан өз ауданының оқу озаттарын қолдап, оларға қаржылай сертификаттар сыйға тартып келеді. Аудан ауылдарынан 13 түлек, үздік оқушылар мен «Алтын белгі» иегерлері — сыйлыққа ие болды.

СХН:ЕКПІН ӘБИЕВ, КӘСІПКЕР


Дарынды жастар - елдің басты байлығы. Отбасы банк өкілдері мұндай сыйлықты орынды бастама деп есептейді. Сондай-ақ, өңіріміздегі өзге кәсіпкерлер де осы игі іске қосылады деген үмітте.

СНХ:НҰРЖАН ӘЛІБЕКОВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫ


Түлектер Отбасы банкінің сертификатын болашақта баспаналы болуға тамаша мүмкіндік деп бағалап отыр. Бұл - жас түлектер үшін үлкен өмірге жасалған сенімді қадам.

СНХ:ЖАНЕЛЬ КҮРКЕНОВА, ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕГІ


 Егер әр ай сайын түлектер немесе олардың ата-аналары тұрғын үй депозитіне аз-аздан ақша салса, болашақта жеке пәтер алу арманы іс жүзінде жүзеге асады. Мамандардың айтуынша, бұл – жастардың баспана мәселесін шешудегі тиімді жолдардың бірі.