Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен кезекті шахмат турнирі өтті. Сайыс мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің 95 жылдығына арналды. Бүгінгі сайыстың ерекшелігі шахмат тақтасында ардагерлер мен жастар бір-біріне қарсы ойнады.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир биыл тарихи мәнге ие болды. Еркін Әуелбеков — Солтүстік Қазақстанда облысында аса жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарған, елге еңбегі сіңген көрнекті қайраткер. Оның есімін ұлықтауды ардагерлер кеңесі шахмат арқылы жүзеге асырып отыр.

СНХР: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Сайысқа жасөспірімдер мен ардагерлер қатысты. Олар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жас буынның жігері мен аға буынның тәжірибесі шеберлік алаңында тоғысып, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады.

СНХР: МҰХАМЕДИЯР ШАЯХИН, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ


Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні жоғары екенін ерекше атап өтті. Олар бұл турнир алдағы жылдары да дәстүрге айналып, жалғасын табатынына сенімді.