Өңірде жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік веложарыс өтті. Сайыс олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін ұйымдастырылды. 17-22 маусым аралығында өткен спорттық додаға еліміздің әр өңірінен және Өзбекстаннан жас спортшылар қатысты.

Биылғы жарысқа қатысушылар саны артқан. 15-16 жастағы жасөспірімдер жарыс жолында мықтылықтарын дәлелдеуге тырысты. Додада жалпы саны 40 велошабандоз бақ сынады. Көкшетау, Ақсу қалаларынан бөлек, Өзбекстаннан ұлттық құрама команда қатысты. Солтүстік Қазақстан облысынан 3 команда жарысқа шықты.


СНХР: АЛЕКСАНДР САМУСЕНКО, ВЕЛОСПОРТТАН СҚО ҚҰРАМАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Сайыстың соңғы күні – критериум жарысы өтті. Мұнда спортшылар ұпай жинау арқылы жеңіске жетті. Иван Джимма – велоспортпен 5 жылдан бері айналысып келе жатқан тәжірибелі жас спортшы. Ол бұл спорт түрін таңдағалы бері талмай жаттығып, түрлі жарыстарда бой көрсетіп жүр. Иванның басты мақсаты – кәсіби велошабандоз атанып, болашақта осы салада жаттықтырушы болу.


СНХР: ИВАН ДЖИММА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Командалық есепте жеңіс толықтай Солтүстік Қазақстан облысының велошабандоздарына бұйырды. Жарыстың көшбасшысы атанған СҚО-1 командасы 17 сағат 21 минут 55 секунд нәтижемен бірінші орынды иеленді. Екінші орынды СҚО-2 командасы жеңіп алса, үздік үштікті Өзбекстан құрамасы түйіндеді. Енді олар алдағы басты сын — Семей қаласында өтетін республикалық чемпионатқа дайындалып жатыр.