Мағжан Жұмабаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 100 жылда бір туатын ақын.Өзінің жалынды, оттай ыстық жырларымен талай қазақтың жүрегін жылыта білген Алаш қайраткері. Жылдағы игі дәстүрге сай поэзия Пайғамбарының мерейтойына орай ақиық ақынның шоқ жырлары оқылып, оқушылар арасында Республикалық сайыс өтті. Республикалық Мағжан оқуларына Тәуелсіз мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен 36 оқушы қатысты.Толығырақ әріптесім Майгүл Сейілбек баяндайды.
Игі дәстүрге айналған «Мағжан оқулары» биыл онлайн форматта өтуде. Дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен 36 ұл мен қыз бас қосты. Олар «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» , «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған», «Толқынмен толқын сырласып» атты үш номинацияда бақтарын сынауда. Солардың қатарында Мамлют ауданы, Бостандық орта мектебінің оқушысы Ақжол Садыржан да бар.
Боз бала қазылар алқасына өзі жазған «Жыр жұлдызы» атты шығармасын оқып берді. Бұл шығарманы ол Мағжан атамыздың рухына арнап 14 жасында жазған екен.
АҚЖОЛ САДЫРЖАН, «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:
- Мағжан ағамызға арнадым. Ол кісінің бұрыңғы солақай саясат кезінде оны қаншама кезендерде сүріндірді ғой. СОның барлығын қазір біз ашық түрде айта аламыз. Соны мен де жырыма қостым. Мағжан атамыздың рухын ұлықтау үшін жаздым бұл өлеңді. Бір күні қазақ тілінде кабинетінде отырдым. Мағжанның кітабын көріп, оқыдым. Содан шабыт алдым.
Ал, Қызылжар Абай орта мектебінің оқушысы Аружан Молдыбаева болса Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңін талдап, ғылыми жоба қорғады. Оны ол 2 аптаға жуық жазған. Түрлі тарихи деректерді ақтарып, әдебиеттер мен мұрағаттарда сақталатын құжаттарды зерттеген.
АРУЖАН МОЛДЫБАЕВА, «МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ:
- Осы ғылыми жобада мен Мағжан Жұмабаевтың «От» өлеңін қозғадым. Қазіргі жастарға, әлемге не беретінін айттым. 1,16 Мен қорытындыға келгенде осы өлеңді оқыған кезде және қазіргі жастар материалдық тұрғыдан көп қарайды. Ал, Мағжан болса ресейге отар болған кезде еліміз өзінің келбетін жоғалтпағаны туралы айтады. Яғни рухани жағынан азық жинауға болады.
2010 жылдан бастап Республикалық деңгейде өтіп жүрген бұл байқаудың басты мақсаты жастар арасында сөз зергерінің шығармашылығын насихаттау,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
ӘСЕЛ ЕСІМСЕЙІТОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:
- Байқауымыз 3 номинацияда өтуде. Мағжан шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу, зерттеу жұмыстарын жасау. Бұл зерттеу жұмыстары бойынша бізде облысымзда басқа байқауларға қарағанда Абай, Мұқағали байқауларына қарағанда осы ғылыми жобаларда. Солс ебепті биыл бауқайдың атау ғылыми-шығармашылық деп аталады. Үшінші номинацияда балалар өздері өлең шығарады.
Республикалық байқауда үздіктер арасынан алға суырылып жеңімпаз атанған оқушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Майгүл Сейілбек