Өңірде жыл сайын аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созу мақсатында «Мектепке жол» аяциясы ұйымдастырылады. Шара мақсаты, оқушыларды мектепке керек-жарақпен, киім-кешекпен қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні акция аясында 47 млн.теңгеден астам соммаға 5978 балаға көмек көрсетіліпті. Қазіргі уақытта қашықтан оқыту жағдайында көптеген балаларға компьютерлік техника қажет болды. Бұл кезде демеушілер тарапынан да үлкен көмек көрсетілген. Мәселен, Аққайың ауданында Полтава орта мектебінің түлектері көпбалалы отбасынан шыққан 4 балаға 630 мың теңгеге ноутбук сыйласа, Аралағаш орта мектебінің түлектері 5 баланы 2 компьютермен және 3 ноутбукпен қамтамасыз еткен.Өңір кәсіпкерлері де еліміз үшін қиын жағдайда құр қол отырмай «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдылық жасапты.