Соңғы бес жылда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін жалпы сомасы 3,2 млн теңгеге 16 адамды көтермеледі. Заңға сәйкес, егер пара, залал немесе ұсынылған жеңілдік сомасы 1000 АЕК-тен асса, хабарлаған адамға оның 10%-ы көлемінде, бірақ 4000 АЕК-тен аспайтын біржолғы сыйақы беріледі.
Егер параның, келтірілген залалдың немесе ұсынылған жеңілдіктер мен қызметтердің құны 1000 АЕК-тен аспаса немесе залал келтірілмесе, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарға біржолғы сыйақы құқық бұзушылықтың түріне қарай 30-дан 70 АЕК-ке дейін белгіленеді. Мысалы, парақорлыққа қатысты ауыр қылмыстар туралы хабар берген 11 адам 70 АЕК көлемінде сыйақы алды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» танытқандар қатарында бір мемлекеттік қызметші де бар. Ол өз басшысына қызметте жоғарылату үшін заңсыз ақша беруден бас тартқан. Петропавл тұрғыны Инна да жемқорлық фактісіне тап болғандардың бірі.
СНХ:ИННА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Азаматша өзіне ұсынылған заңсыз шешім тәсілін қабылдаудан бас тартқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл – өзіне жат әдіс, сондықтан ол мәселені тек заң аясында шешуге тырысқан.
СНХ:ИННА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Инна Зубенко азаматтарды парақорлықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамай, онымен күресуге шақырды. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау – әділ қоғамның негізі болып табылады. Осылайша заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек.