Полицейлердің кәсіби мерекесіне орай Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында салтанатты жиын өтті. Мерекелік кеш барысында ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп жүрген сақшыларға айрықша құрмет көрсетілді. Облыс әкімі 36 қызметкерге төсбелгі, алғыс хат және түрлі марапаттар табыстап, олардың жанкешті қызметін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, театр фойесінде арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда полиция қызметінің тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін бейнелейтін фотосуреттер, ардагерлердің мұрағаттық материалдары және қызметтік құрал-жабдықтар іс-шараға қатысушылар назарына ұсынылды.

Көрмеден соң өңір жетекшісі тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі. Өз сөзінде өңір басшысы құқық қорғау саласының қоғамдағы орны мен маңызын атап өтіп, аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Кейін салтанатты жиын марапаттау рәсіміне ұласып, 36 полиция қызметкері құрметке бөленді. Соның бірі бұл салада 13 жылдық өтілі бар Қайырбек Баймонкенов. Ол подполковник шенін мерзімінен бұрын алды.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК БАЙМОНКЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Қоғамдық тәртіп пен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға зор үлес қосып жүрген тәртіп сақшылары да назардан тыс қалмады.

СНХ: ЖАМБЫЛ КӘКІРЖАНОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БОЙЫНША КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ИНСПЕКТОРЫ


Салтанатты іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.