Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Ғалия Өмірбекованың "Бике елінің тарихы" атты кітабынның тұсаукесері өтті.
Туынды Бике елінің азаматтарына және тарихқа қызығушылығы бар оқырмандарға арналған. Автор бұл кітапта туған өңірінің 7 ғасырлық шежіресін қамтып, 18 ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі ел тынысын сипаттайды. Ғалия Әскерқызы мәлімет жинау барысында облыстық архивті де ақтарғанымен, құнды деректер таба алмағанын айтады. Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері мен туған-туыстары қатысты. Жарық көрген кітап облыс пен аудан кітапханаларының сөрелерінен орын алмақ. Автордың айтуынша, бұл оның соңғы жұмысы емес. Кітаптың алғашқы шығарылымы 1000 дана болып жарық көрген.
СНХР: ҒАЛИЯ ӨМІРБЕКОВА - КІТАП АВТОРЫ